Дұшпаннан қорықпай, батыл қарсы тұру – Құран бұйрықтарының бірі
(last modified Sun, 26 Apr 2020 11:07:10 GMT )
Сәу 26, 2020 17:07 Asia/Almaty
  • Дұшпаннан қорықпай, батыл қарсы тұру – Құран бұйрықтарының бірі

Ислам революциясының жетекшісі дұшпаннан қорықпай, оған батыл қарсы тұруды Құран бұйрықтарының бірі деп атап: «Кейбір ислам мемлекеттерінің қазіргі жағдайы және залым алпауыттар тарапынан қорлануы – олардың дұшпаннан қорыққандарының салдары»,-деді.

Қасиетті Рамазан айының бірінші күні Теһранның «Мосалла»  кешенінде Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің қатысуымен «Құранға жақындау» рәсімі өтіп, имам Хомейни атындағы кешенмен видео байланыс ортанылып, қарилер Құран аяттарын оқыды.  

Аятолла Хаменеи осы рәсімде адамзат баласының зұлымдық, кемсітушілік, соғыс, тынышсыздық, құндылықтардың тапталуынан құтқарылып, қауіпсіздік, тыныштық пен салауаттылық орнатудың жалғыз жолын  Құранда айтылған бұйрықтарды орындау деп атап: «Құрандағы бірқатар практикалық бұйрықтар – өмірді ереже бойынша қалыпқа келтірудің жолы. Егер ереже құдірет, ақша мен танымалдыққа негізделсе, адам екі дүниеде де несібесіз қалады. Алайда егер адамдар осы дүниедегі өмірін ізгілік пен мейірімділікке құрса, материалдық мүдделермен қоса, өмірдің шынайы мақсаттарына да жетеді»,-деді.

Аятолла Хаменеи ақиқатына көзің жетпеген мәселелерге жақтаспауды Құрандағы бұйрықтардың бірі деп атап, әлемдегі журналистиканың қиындықтарының бірін осы бұйрықты орындамай, қауесет таратып, жалған хабар жасау деп атады.

Аятолла Хаменеи «залымдарға сенуден бас тарту», «өмірде әділет пен ынсапты сақтау» және «аманатқа қиянат жасамауды» исламның келесі бұйрықтары деп атап: «АҚШ-тан қорқудың ащы салдары болады. Біз өткен жылдары кейбір елдерде АҚШ-тан қорқудың оларды қандай қиындықтарға душар еткенін көрдік»,-деді.