«Мейлінше қысым» саясаты сәтсіздікке ұшыраған соң Помпео «Ортақ қадамға» серіктес болмақ
(last modified Tue, 28 Apr 2020 09:21:54 GMT )
Сәу 28, 2020 15:21 Asia/Almaty
  • «Мейлінше қысым» саясаты сәтсіздікке ұшыраған соң Помпео «Ортақ қадамға» серіктес болмақ

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу шешімін Ислам республикасына «мейлінше қысым» көрсету саясатының сәтсіздікке ұшырауының нәтижесі деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Осыдан екі жыл бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен оның басшысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялап, «мейлінше қысым» көрсету саясаты Иранды бағындырады деп ойлады»,- деп жазды.  Зариф Помпеоның «мейлінше қысым» көрсету саясаты сәтсіздікке ұшырағаннан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына серіктес болғысы келетініне назар аудартып: «Қиялдауды  тоқтатыңдар, Иран халқы әрқашан өз тағдырын өзі шешті»,- деп жазды.

New York Times газеті жексенбі күнгі хабарында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 18 қазанында күші жойылатын Иранға салған қару санкцияларын созуға талпыныс жасап жатқанын әшкереледі.