Иран есірткі тәркілеу саласында әлемде бірінші орында
Иранның есірткімен күрес штабының бас хатшысы Ислам республикасының санкциялармен бетпе-бет келіп отырғанына қарамастан әлемде есірткінің ең көп мөлшерін тәркілеген ел болғанын, өткен бір жылда 950 тонна есірткі тәркілегенін мәлімдеді.
Искандер Мумени сейсенбі күні БҰҰ-ның Ислам республикасының есірткімен күресу әрекетіне ризалық білдіргеніне тоқталып: «Өткен жылы Иранның полиция күштері 800 тонна, қауіпсіздік министрлігінің күштері 100 тоннадан астам, халықтың ерік күштері шамамен 30 тонна есірткі тәркіледі»,- деді. Мумени сөзінің жалғасында әлемде шамамен 300 миллион есірткі тұтынушының бар екендігіне назар аудартып: «Жыл сайын есірткі салдарынан 450 мың адам өледі. Соның ішінде 70 мыңы АҚШ-та, шамамен 3 мыңы Иранда»,- деп мәлімдеді.