Британия үкіметі – саудиялықтардың Йемен халқын қырып-жою қылмыстарына сыбайлас
(last modified Fri, 01 May 2020 13:14:29 GMT )
Maм 01, 2020 19:14 Asia/Almaty
  • Британия үкіметі – саудиялықтардың Йемен халқын қырып-жою қылмыстарына сыбайлас

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Мусави Британияның Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуын жалғастыруын сынап: «Британия үкімет қолын Йеменнің жазықсыз халқының қанымен былғады»,- деп қуаттады.

Сейед Аббас Мусави жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында саудиялықтардың қылмысы мен Йемендегі Covid-19 вирусының таралуының елді гуманитарлық апатқа тірегенін еске салып: «Британия үкіметі Сауд Арабиясына қару экспорттаудан пайда тауып, өз қолын Йеменнің жазықсыз халқының қанына былғады. Британия тарихтың дұрыс жағына шығуы керек»,-  деді.

Сауд Арабиясының 2015 жылы Йеменге жасаған шабуылы салдарынан мыңдаған йемендік көз жұмды. БҰҰ-ның мәліметі бойынша бұл елдегі ашаршылық әлемдегі ең үлкен гуманитарлық апатқа айналды. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Ұлыбритания Сауд Арабиясына шамамен 6 миллиард 500 мың фунтқа қару сатуға рұқсат беріп, саудиялық күштерін жаттықтыруда маңызды рөл атқарды. Ұлыбритания өзін Йемендегі соғысты тоқтатудың және «қару-жарақ саудасы туралы келісімнің» жақтаушысы ретінде таныстырады. «Қару-жарақ саудасы туралы келісім» – қарудың халықаралық заңдарға қайшы әрі заңсыз тасымалдануының алдын алатын келісім.