Зариф: Помпео Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын оқысын
(last modified Wed, 06 May 2020 08:49:14 GMT )
Maм 06, 2020 14:49 Asia/Almaty
  • Зариф: Помпео Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын оқысын

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның қару-жарақ санкцияларын созу талпынысына реакция білдіріп: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бір-бірінен бөлек емес. Помпео №2231 қарарды қайтадан оқуы керек»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Майк Помпеоның №2231 қарар арқылы Иранның қару-жарақ санкциясын  созу талпынысын сынап, АҚШ-тың оған қатысы жоқ екенін қуаттады. Зариф Twitter-дегі парақшасында Помпеоның бұл қарарды оқымағанына тоқталып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – №2231 қарардың бір бөлігі. Ол 104 бетте жазылған, сондықтан Помпео оны оқымаған!»- деп жазды.