«Конарак» кемесі апатының егжей-тегжейі
https://itolqyn.com/news/iran-i46713-Конарак_кемесі_апатының_егжей_тегжейі
Иран армиясы Теңіз күштерінің қоғамдық байланыс бөлімі дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Джасак пен Чабаһар суларындағы ортақ аймақта жеңіл кемелердің бірінің қалай апатқа ұшырағанына тоқталып: «Теңіз күштерінің бірнеше кемесі теңіз жаттығуын орындап жатқан кезде болған апаттан кейін теңіз құтқару командасы тез арада оқиға орнына жетіп, жараланғандар мен қаза болғандарды кемеден алып шығып, медициналық орталықтарға жеткізді»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 11, 2020 15:46 Asia/Almaty
  • «Конарак» кемесі апатының егжей-тегжейі

Иран армиясы Теңіз күштерінің қоғамдық байланыс бөлімі дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Джасак пен Чабаһар суларындағы ортақ аймақта жеңіл кемелердің бірінің қалай апатқа ұшырағанына тоқталып: «Теңіз күштерінің бірнеше кемесі теңіз жаттығуын орындап жатқан кезде болған апаттан кейін теңіз құтқару командасы тез арада оқиға орнына жетіп, жараланғандар мен қаза болғандарды кемеден алып шығып, медициналық орталықтарға жеткізді»,-деді.

Осы мәліметке сәйкес, апатта 19 адам көз жұмып, 15 адам жараланды. Жараланғандардың жағдайы қалыпты.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қоғамдық байланыс бөлімінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған «Конарак» кемесі техникалық тексеріс жүргізілу үшін жақын маңдағы айлаққа тасымалданды.