Мусави: АҚШ әлемдік жүйені бұзуды көздеп отыр
(last modified Mon, 18 May 2020 14:43:06 GMT )
Maм 18, 2020 20:43 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ әлемдік жүйені бұзуды көздеп отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі әлемдік жүйені бұзып, анархия орнатуды көздеп отыр. Бұл дүние жүзіндегі мемлекеттер мен халықтар үшін қатер дабылы болуы тиіс»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күнгі баспасөз конференциясында АҚШ басшыларының ирандық танкерлерді тәркілеу туралы қоқан-лоққыларын  ұятсыз әрекет деп атап: «Егер АҚШ бір елді ұнатпаса, бұл оның басқа елдер арасында заңды қарым-қатынас жасалуына кедергі келтіріп, оларға санкция салуына дәлел бола алмайды»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ирандық танкерлерге қатысты кез келген жаңсақ әрекет салдарының АҚШ-тың мойнында болатынын айтып: «Егер америкалықтар Иран кемелерінің заңды да еркін қатынасына қарсы әрекет ететін болса, қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.