Мусави: АҚШ әлемдік жүйені бұзуды көздеп отыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі әлемдік жүйені бұзып, анархия орнатуды көздеп отыр. Бұл дүние жүзіндегі мемлекеттер мен халықтар үшін қатер дабылы болуы тиіс»,-деді.
Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күнгі баспасөз конференциясында АҚШ басшыларының ирандық танкерлерді тәркілеу туралы қоқан-лоққыларын ұятсыз әрекет деп атап: «Егер АҚШ бір елді ұнатпаса, бұл оның басқа елдер арасында заңды қарым-қатынас жасалуына кедергі келтіріп, оларға санкция салуына дәлел бола алмайды»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ирандық танкерлерге қатысты кез келген жаңсақ әрекет салдарының АҚШ-тың мойнында болатынын айтып: «Егер америкалықтар Иран кемелерінің заңды да еркін қатынасына қарсы әрекет ететін болса, қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.