Зариф: Иран Африка халықтары үшін сенімді серіктес
https://itolqyn.com/news/iran-i46909
Иран Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасын бүкіл африкалық елдер үшін сенімді серіктес деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 26, 2020 14:15 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Африка халықтары үшін сенімді серіктес

Иран Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасын бүкіл африкалық елдер үшін сенімді серіктес деп атады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында Африка күнімен құттықтап: «Бұл күн әлем халықтарына африкалықтардың зорлық-зомбылыққа қарсы батыл әрекеттерін еске салады»,- деп жазды. Зариф Иранның әрқашан африкалық бауырлар үшін сенімді серіктес болғанын және келешекте де оларды қолдайтынына тоқталып: «COVID-19 пандемиясы кезінде Иран адамдардың өмірін құтқару үшін өз тәжірибесі және білімімен бөлісуге дайын»,- деп мәлімдеді.

25 мамыр Африка күні деп аталған.