Иран СІМ: АҚШ-тағы наразылардың даусы естілуі керек
https://itolqyn.com/news/iran-i46954-Иран_СІМ_АҚШ_тағы_наразылардың_даусы_естілуі_керек
Иран Сыртқы істер министрлігі зорлық-зомбылық көрген америкалықтарды басып-жаншуды және ақпарат құралдарын шектеуді тоқтау қажеттігін қуаттап: «АҚШ-тағы наразылардың даусы естілуі керек»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 30, 2020 14:53 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: АҚШ-тағы наразылардың даусы естілуі керек

Иран Сыртқы істер министрлігі зорлық-зомбылық көрген америкалықтарды басып-жаншуды және ақпарат құралдарын шектеуді тоқтау қажеттігін қуаттап: «АҚШ-тағы наразылардың даусы естілуі керек»,- деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы қара нәсілдінің өліміне өкініш білдіріп, жұма күні кешке Twitter-дегі парақшасында: «ИИР АҚШ-тағы нәсілдік дискриминацияны айыптап, америкалық басшыларды мұндай кісі өлтіру жайттарында әділет орнатуға шақырады»,- деп жазды.