АҚШ режимі тілшілерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i47014
Иран СІМ қара нәсілді америкалық азаматтың өлтірілуіне наразылардың басып-жаншылуына реакциясында: «АҚШ режимі Джордж Флойдтың өлтірілуіне наразылар жайлы хабар беруді көздеген журналистерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 03, 2020 17:39 Asia/Almaty
  • АҚШ режимі тілшілерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр

Иран СІМ қара нәсілді америкалық азаматтың өлтірілуіне наразылардың басып-жаншылуына реакциясында: «АҚШ режимі Джордж Флойдтың өлтірілуіне наразылар жайлы хабар беруді көздеген журналистерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр»,-деп мәлімдеді.

Иран СІМ сейсенбі күні Твиттердегі жазбасында: «Мәліметтерге сәйкес, АҚШ полициясы журналистерге 100-ден аса шабуыл жасаған»,-деп жазды.

Иран СІМ әлем халқының АҚШ-тағы оқиғаларды бақылап отырғанын айтып: «Бункерге тығылған АҚШ Президенті Дональд Трамп наразыларды басып-жаншуға тырысумен бірге журналистерді алшақ ұстауды көздеп отыр»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жазбасында әскери басып-жаншу туралы сес көрсетілгенін, АҚШ қалаларының шерушілер мен ақпарат құралдарына қарсы қатігездік алаңдарына айналғанын айтып: «Батыс емес қоғамдар туралы жылдам пікір білдіретін Еуропа осы жолы толық үнсіздік сақтауда»,-деп жазды.