Зариф: БҰҰ-ның Aramco-ға шабуыл туралы уәждері негізсіз
(last modified Sun, 14 Jun 2020 13:34:18 GMT )
Маусым 14, 2020 19:34 Asia/Almaty
  • Зариф: БҰҰ-ның Aramco-ға шабуыл туралы уәждері негізсіз

Иранның Сыртқы істер министрі Aramco-ға шабуыл жасаған зымырандардың Иранда жасалғаны туралы уәждердің негізсіз екенін айтып: «Өкінішке қарай, БҰҰ хатшылығы АҚШ-тың сесінен қорқып, ығына жығылатынын көрсетті»,-деді.

 

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Қауіпсіздік кеңесіне берген есебінде 2019 жылы Сауд Арабиясының халықаралық әуежайы мен Aramco мұнай нысанына шабуылдар мен оған дейінгі екі шабуылда қолданылған қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың «Ираннан шыққанын» айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Instagram-да тікелей эфирде берген сұхбатында: «Мұндай уәждер негізсіз. Өкінішке қарай, БҰҰ хатшылығы АҚШ-тың сесінен қорқып, ығына жығылатынын көрсетті»,-деді.

Зариф аймақта айрықша ушыққан жағдай қалыптасқанын айтып: «Аймақ елдері өткеннің тұтқыны болғанша бір-бірінің болашағы жайлы сөйлескені дұрыс»,-деді.