Зариф: Иран мен Түркия әртүрлі сала бойынша тығыз байланыста
(last modified Mon, 15 Jun 2020 14:25:39 GMT )
Маусым 15, 2020 20:25 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен Түркия әртүрлі сала бойынша тығыз байланыста

ИИР Сыртқы істер министрі Түркия сапары алдында Теһран мен Анкараның әртүрлі салаларда тығыз байланыста екенін мәлімдеді.

Мұхаммад Джавад Зариф Иран мен Түркия басшыларының, министрлері және ортақ комиссия жауапты тұлғаларының соңғы айлардағы телефон арқылы сұхбаттарына тоқталып: «Теһран мен Анкара әртүрлі салаларда тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Сондықтан үздіксіз кеңесіп тұру қажет.  

Бұл сапардың мақсаты – екіжақты мәселелерді талқылау және экономикалық қатынасты қайта бастау, энергетика саласында әріптестік жасау және аймақтық мәселелер туралы сұхбаттасу»,-деді.