Иран армиясы ұзақ және қысқа қашықтыққа арналған қанатты зымырандардың жаңа буынын сәтті атты
https://itolqyn.com/news/iran-i47207-Иран_армиясы_ұзақ_және_қысқа_қашықтыққа_арналған_қанатты_зымырандардың_жаңа_буынын_сәтті_атты
ИИР армиясының Теңіз күштері елдің Қорғаныс министрлігі тарапынан жасалған ұзақ және қысқа қашықтыққа арналған қанатты теңіз зымырандарын Үнді мұхиты мен Оман теңізінің солтүстігінде сынақтан сәтті өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 18, 2020 19:22 Asia/Almaty
  • Иран армиясы ұзақ және қысқа қашықтыққа арналған қанатты зымырандардың жаңа буынын сәтті атты

ИИР армиясының Теңіз күштері елдің Қорғаныс министрлігі тарапынан жасалған ұзақ және қысқа қашықтыққа арналған қанатты теңіз зымырандарын Үнді мұхиты мен Оман теңізінің солтүстігінде сынақтан сәтті өткізді.

ИИР армиясының Теңіз күштері бейсенбі күні таңертең су бетіндегі әскери жаттығуда ұзақ қашықтыққа арналған қанатты зымырандармен 80 және 200  км қашықтықта алды ала белгіленген нысаналарды жойды. Бұл зымырандардың ұзақтығын арттыруға болады.  

Сондай-ақ, осы әскери жаттығуда жағалаудан теңізге және теңізден теңізге атылатын ұзақ және қысқа қашықтыққа арналған қанатты зымырандар жағалаудан және ИИР армиясы Теңіз күштерінің әскери кемелерінің үстінен бір мезгілде сәтті атылды.