Зариф: Украиналық ұшақтың "қара" жәшігі Францияға жіберіледі
(last modified Tue, 23 Jun 2020 13:44:07 GMT )
Маусым 23, 2020 19:44 Asia/Almaty
  • Зариф: Украиналық ұшақтың

Иран Сыртқы істер министрі алдағы бірнеше күнде украиналық ұшақтың "қара" жәшігінің Францияға жіберілетінін мәлімдеді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Канада Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампинмен телефон арқылы сөйлесіп, оған украиналық ұшақтың «қара» жәшігінің Францияға жіберілетінін хабарлады.

Зариф: ««Қара» жәшікті жіберу шешімі біраз уақыт бұрын қабылданды. Енді жақын  арада іске асырылады»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге Иранның құқықтық мәселелерді шешу және жолаушылар мен украиналық ұшақ компаниясының шығынын төлеуге дайындығын Киев үкіметіне жариялағанына тоқталып: «Украина келіссөздерге қатысатын топты әлі таныстырған жоқ. ИИР бұл мәселені қарастырып жатыр»,- деді.