Мусави: Иран мен Венесуэла АҚШ-тың санкцияларымен күресуді жалғастырып келеді
(last modified Thu, 25 Jun 2020 14:29:58 GMT )
Маусым 25, 2020 20:29 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран мен Венесуэла АҚШ-тың санкцияларымен күресуді жалғастырып келеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Твиттердегі жазбасында: «Иран мен Венесуэла АҚШ-тың санкцияларымен күресуді жалғастырып келеді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави бейсенбі күні Твиттердегі жазбасында Венесуэлаға бензин тиеген ирандық бес кеме капитандарының АҚШ тарапынан санкцияға ұшырағанына реакция білдіріп: «АҚШ-тың ирандықтарға қарсы әрекеттері «Жиіркеніш министрі» деп аталған Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның шарасы сияқты АҚШ-тың «барынша қысым» атты сормаңдай саясатының жеңіліс тапқанын білдіреді.  

АҚШ-тың қысымына қарамастан, Иран мен Венесуэла АҚШ-тың заңсыз санкцияларымен күресуді жалғастырып келеді»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күнгі бір баспасөз конференциясында Венесуэлаға бензин мен құрал-жабдықтарды тасымалдаған ирандық бес кеменің капитандарына санкция салды.