Иран химиялық қатерлермен күресу үшін қорғаныс саласындағы дайындығын нығайтуда
Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының жоғары кеңесшісі: «Химиялық, экологиялық және экотуристік ықтималды қатерлермен күресу үшін қорғаныс саласындағы дайындықты нығайтып, дамыту – Иранның басты стратегияларының бірі»,-деді.
Генерал-майор сейіт Яхия Рахим Сафави жексенбі күні «Химиялық қорғаныс» атты ұлттық форумда Ирактың «Баас» режимі бір кезде Иранның «Сәрдәшт» шекаралық қаласын химиялық бомбалармен атқылағанына тоқталып: «Бұл қылмыс Иран халқы тарихындағы қаралы күн саналады»,-деді.
Генерал-майор Сафави Ирактың «Баас» режимінің халықаралық ұйымдардың үнсіздігі аясында және АҚШ пен Еуропаның рұқсатына сүйеніп, химиялық қаруларды қолдануына тоқталып: «Саддам Иранға қарсы таңылған соғыс барысында Иран халқына қарсы 252 рет химиялық қару қолданды. Соның салдарынан 8 мың адам шәһид болып, 107 мың адам жараланды»,-деді.