Мусави: Иран өзінің қорғаныс әлеуеті жөніндегі ұстанымынан бас тартпайды
(last modified Mon, 29 Jun 2020 15:21:14 GMT )
Маусым 29, 2020 21:21 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран өзінің қорғаныс әлеуеті жөніндегі ұстанымынан бас тартпайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы еуропалық үш мемлекеттің Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларды 2023 жылға дейін ұзарту ұсынысына тоқталып, Ислам республикасының өзінің қорғаныс әлеуеті туралы ұстанымынан бас тартпайтынын қуаттады.

 

Сейед Аббас Мусави дүйсенбі күні журналистер алдында еуропалықтардың бос әрекеттеніп, дұрыс емес жолға түскендерін еске салып: «Иранға қарсы қару-жарақ санкцияны ұзарту Қауіпсіздік кеңестің №2231-ші қарарына қайшы және еуропалық мемлекеттер мен АҚШ оның салдарларын қабылдап, оларға жауап берулері керек. Еуропа мен АҚШ-тың келісімі өздеріне қатысты, бірақ АҚШ пен Еуропа билеп-төстеуін жалғастырып отырған жағдайда, ИИР өз құқынан қайтпайды»,- деді.