Тахтраванчи: АҚШ-тың Иранға қарсы қару санкцияларын ұзарту талпынысы №2231-ші қарарға қайшы
https://itolqyn.com/news/iran-i47350
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сейсенбі күні әлемдік қауымдастықтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру және АҚШ қоқан-лоққыларына қарсы табандылық білдіру талпынысына тоқталып, Қаупісіздік кеңестің №2231-ші қарары мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бір бөлігі екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 30, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: АҚШ-тың Иранға қарсы қару санкцияларын ұзарту талпынысы №2231-ші қарарға қайшы

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сейсенбі күні әлемдік қауымдастықтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру және АҚШ қоқан-лоққыларына қарсы табандылық білдіру талпынысына тоқталып, Қаупісіздік кеңестің №2231-ші қарары мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бір бөлігі екенін қуаттады.

Тахтраванчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарардың іске асырылу жағдайын талқылаған отырысына назар аудартып: «Қауіпсіздік кеңестің бүгін, сейсенбіде өтетін отырысы тағы АҚШ-тың оқшаулануымен аяқталады. Қауіпсіздік кеңестің өткен отырыстарында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сынаған жалғыз мемлекет ретінде басқа мүшелерінің қарсылығымен бетпе-бет келген, олардың ұстанымынан өзгеше ұстанымын білдірді»,- деді.