Мусави Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты құжатқа қарсы насихаттауды айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі кешке Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты құжатқа қарсы насихаттауды айыптады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты құжатқа қарсы насихаттауға реакция білдіріп, Twitter-де: «Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты бағдарлама келешек дүниедегі екі маңызды елдің қарым-қатынастарының жол картасы. Бұл құжат жақын болашақтағы әлемнің жетекші экономикалық державасы Қытай мен Батыс Азияның үлкен құдыреті Иранға дәстүрлі және батыстық үкіметтердің билеп-төстеуіне тәуелсіз, өзара қарым-қатынастарын жетілдіріп, ортақ мүдделерді қамтамасыз ете отырып, үстемдік етушілердің қысымына қарсы тұруға мүмкіндік береді»,- деп жазды. Мусави Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты құжатта ирандық аралдарды тапсыру немесе әскери күштер мен базаның орналасуы туралы айтылмағанын қуаттап: «Екі халықтың мүдделеріне қарсы дұшпандардың өтіріктері мен егжей-тегжейлі және дұрыс ақпаратты алу үшін жалған ақпарат тарату ескі әдісі нәтижеге жетпейді»,- деп мәлімдеді.