Қазақстан мен Түркия - Еуроазияның екі маңызды мемлекеті
https://itolqyn.com/news/iran-i475-Қазақстан_мен_Түркия_Еуроазияның_екі_маңызды_мемлекеті
Түркия Премьер-министрі Түркия мен Қазақстанды энергетика, сауда және транспорт пен коммуникация салалары бойынша Еуразияның екі маңызды мемлекеті деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 08, 2016 13:53 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркия - Еуроазияның екі маңызды мемлекеті

Түркия Премьер-министрі Түркия мен Қазақстанды энергетика, сауда және транспорт пен коммуникация салалары бойынша Еуразияның екі маңызды мемлекеті деп атады.

ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоғлу Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен ақпарат отырысында: «Түркия Қазақстан үшін Еуроодаққа кіретін дарбаза сынды болса, Қазақстан да Түркия үшін Еуразия экономикалық одағына кіретін есік іспеттес»,- деп мәлімдеді.

Түркия Премьер-министрі сауда, энергетика, транспорт пен коммуникация салаларымен қатар басқа да мәселелерге қатысты Қазақстан басшыларымен сұхбаттасу мақсатында екі күндік сапармен келді.

Бұл Давутоғлудың Түркия әуе күштерінің ресейлік әскери ұшақты құлатуына байланысты Мәскеу-Анкара дағдарысы басталғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстанға жасап отырған бірінші сапары.