«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы еуропалықтардың міндеттемелерін орындамауын зерттейді
(last modified Tue, 14 Jul 2020 15:24:13 GMT )
Шіл 14, 2020 21:24 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы еуропалықтардың міндеттемелерін орындамауын зерттейді

13 жылға созылған халықаралық келіссөздерден кейін 2015 жылдың 14 шілдесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімне қол қойылып, бір аптадан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен расталды.

Иран Еуропаның өз міндеттемелерін орындамауларына қарамастан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін стратегиялық сабыр сақтады. Еуропа Иранның табандылығына минималды әрекет жасады. Иран Сыртқы істер министрінің саяси істері жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні еуропалық үш мемлекеттің (Германия, Франция және Британияның) «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болмауларына тоқталып: «Еуропалықтардың міндеттемелерін орындамаулары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясында талқыға салынады»- деді. Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасыындағы міндеттемелерін толық іске асырып, Агенттікке бақылау жасауға мүмкіндік жасап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) ең көп ынтымақтастық жасады. Алайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жан-жақты келісім, сондықтан тек бір жақтың әрекетімен оның сындарлы нәтижесіне жетуге болмайтыны анық.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан біржыл өткен соң 2019 жылдың 8 мамырда ИИР Ұлттық қауіпсіздік кеңесі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша Иранның өз еркімен іске асыруға қабылдаған әрекеттерін тоқтату шешім қабылдады. Бұл шешім бес кезеңде іске асырылды. Халықаралық деңгейдегі алаңдаушылықтара келісім мен келіссөздер негіздерге жасалған соққы болды. Келесі алаңдаушылықтар АҚШ-тың біржақтылығының басқа елдерге, әсіресе Еуропаға таңылуына байланысты болды. АҚШ халықаралық заңдарды бұзуы мемлекет ретінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа елдерден бұл халықаралық келісімдегі өз міндеттемелерін орындамауға шақыруда.  Трамптың біржақты саясатының жалғасуына байланысты Еуропаның екі жолдан басқа жолы жоқ. Бірінші жол жан-жақты келісімнің негізіне оралу. Бұл «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға көмектесетін жол. Екінші жол қазіргі жолды жалғастыру, оның нәтижесінде Еуропа аталмыш келісімнен алыстайды.

Иран Сыртқы істер министрлігі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қол қойылуының бесінші жылдығына арналға мәлімдемесінде: «АҚШ-тағы Трамп режимі президенттік мәселелерге байланысты өзінің Иранға тиесілі сыртқы саясатында жеңіске жетуге талпынуда. Сондықтан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жойылуын өз мүдделеріне деп бағалап, Иранға келісімнің саяси мүддесін көрсетпеуге талпынуда»,- деп мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңестің №2231 қарары бойынша, 2020 жылдың қазан айында ИИР-на қарсы енгізілген қару-жарақ шеткеулер алынып тасталады. Бірақ Трамп режимі бұл №2231 қарардың күшін жойғысы келеді. Теһранның қадамдары қазіргі кезге дейін маңызды саяси жолдауларды жеткізді. Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келеді. Бірақ бұл үдеріс үнемі жалғаса алмайды.