Зариф: Иранның қалауы - Бағдад-Эрбиль қарым-қатынастарының жақсы болуы
(last modified Mon, 20 Jul 2020 10:33:58 GMT )
Шіл 20, 2020 16:33 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның қалауы - Бағдад-Эрбиль қарым-қатынастарының жақсы болуы

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның әрқашан Бағдад-Эрбиль қарым-қатынастарының жақсы болуын қалайтынын қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі кешкеИрактың Күрдістан демократиялық партиясының төрағасы әрі бұл аймақтың бұрынғы басшысы Масуд Барзанимен Эрбильдегі кездесуінде Ирактың ұлттық егемендігіінң маңыздылығын қуаттап, Иран мен Ирактың жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейтуді қолдады. Масуд Барзани де Иран мен Ирак халықтарының мықты байланыстарына және ДАИШ лаңкестік тобын жоюдағы сардар шәһид Ғасем Солейманидің ұмытылмайтын рөліне тоқталып, Ирактың Күрдістан аймағының еш уақытта ИИР-ның мүдделері мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын жерге айналмайтынын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні таңертең саяси делегацияны бастап, Бағдадқа еніп, түстен кейін Ирак астанасынан Эрбильге аттанды.

Зариф Бағдадта Ирак Президенті Бархам Салех, Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи, Сыртқы істер министрі Фуад Хосейн, әл-Фатх коалициясының басшысы Хади әл-Амери, Ұлттық хикмет ағымының басшысы Сейед Аммор Хаким, Ирак соты жоғары кеңесінің төрағасы Фаиқ Зейдан, Хашд әш-Шааби басшысы Фалех Файаз және Ирак Парламенті төрағасы Мұхаммад әл-Халбусимен кездесіп, сұхбаттасты.