Мусави: Иранда болған соңғы өрттің кибер шабуылға қатысы жоқ
(last modified Thu, 23 Jul 2020 12:57:22 GMT )
Шіл 23, 2020 18:57 Asia/Almaty
  • Мусави: Иранда болған соңғы өрттің кибер шабуылға қатысы жоқ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында кейбір елдер мен режимдердің Иранға қарсы кибер шабуылы мен бүлдіргі әрекеттері туралы уәждерге тоқталып: «Иранның инфрақұрылымдарына күн сайын мыңдаған кибер шабуыл жасалады. Бұл тың нәрсе емес. Шабуылдардың басым бөлігі елдің Компьютерлік оқиғаларға реакциялар тобы мен қорғаныс кешені тарапынан бірден залалсыздандырылады», деді.

Сейіт Аббас Мусави Иранда болған соңғы өрттің кибер шабуылға қатысы жоқтығын айтып: «Осыдан былай терістігі расталғанға дейін АҚШ үкіметі Иранға жасалатын кез келген кибер шабуылға қатысты басты күдікті саналады»,‑деді.