CENTCOM ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшаққа кедергі жасағанын мойындады
https://itolqyn.com/news/iran-i47643-centcom_ирандық_жолаушы_тасымалдайтын_ұшаққа_кедергі_жасағанын_мойындады
Америкалық Ғ-15 ұшағының ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшаққа кедергі жасағаны АҚШ орталық қолбасшылығының баспасөз өкілімен расталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 24, 2020 16:03 Asia/Almaty
  • CENTCOM ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшаққа кедергі жасағанын мойындады

Америкалық Ғ-15 ұшағының ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшаққа кедергі жасағаны АҚШ орталық қолбасшылығының баспасөз өкілімен расталды.

 

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жұма күні таңертең бұл әрекетке реакция білдіріп: «Оқиғаның егжей-тегжейі тексерілуде, мәліметтер толық жиналған соң, қажетті саяси және құқықтық шаралар қолданылады»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ орталық қолбасшылығы штабының (CENTCOМ) баспасөз өкілі Билл Урбан жұма күні таңертең: «Бұл әрекет халықаралық стандарттарға сәйкес әл-Танф базасында коалиция күштерінің қауіпсіздігін көзбен көру  мақсатында жасалды және F-15 ұшқышы ирандық ұшақты Mahan Air жолаушы тасымалдайтын ұшағы ретінде анықтаған кезде, ол одан қауіпсіз қашықтыққа алшақтады»,- деп уәжденді.

Сейед Аббас Мусави: «БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахраванчи бұл оқиға жөнінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке хабарлап, Иранның бұл ұшақтың қайтып оралу кезінде орын алған кез келген оқиғаға АҚШ-ты жауапты деп білетінін мәлімдеді»,- деді. Ұқсас жолдау Теһрандағы Швейцария елшісіне де тапсырылды.