Иранның Қызыл жарты ай қоғамы Ливанға гуманитарлық көмек жіберді
https://itolqyn.com/news/iran-i47814
Иран Қызыл жарты ай қоғамының алғашқы гуманитарлық көмегі, соның ішінде түрлі дәрі-дәрмектер мен дала ауруханасы Ливанға жіберілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2020 16:51 Asia/Almaty

Иран Қызыл жарты ай қоғамының алғашқы гуманитарлық көмегі, соның ішінде түрлі дәрі-дәрмектер мен дала ауруханасы Ливанға жіберілді.

Иран Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Карим Хеммати сәрсенбі күні: «Бұл жүк тізімінде құны 150 мың доллар тұратын 15 тоннадан аса дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар және 55 тонна азық-түлік пен дала ауруханасы бар. Бұл заттар 30 маманнан тұратын бір медициналық топпен бірге Бейрутке жөнелтілді»,-деді.