Рухани: АҚШ Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға бағытталған қастандығында масқара жеңіліске ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i47927
ИИР Президенті АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тарихи жеңіліске ұшырағанын айтып: «АҚШ Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға бағытталған қастандығында масқара жеңіліске ұшырады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 15, 2020 21:33 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға бағытталған қастандығында масқара жеңіліске ұшырады

ИИР Президенті АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тарихи жеңіліске ұшырағанын айтып: «АҚШ Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға бағытталған қастандығында масқара жеңіліске ұшырады»,-деді.

Хасан Рухани сенбі күні Ұлттық коронавируспен күрес штабының жиналысында АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі кешегі жеңілісін Иранның үстемшілдікпен күрес тарихындағы а    йшықты күн деп атап: «АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарының қабылданбауының себебі мынау: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау аймақ пен әлемнің мүддесіне сай келеді»,-деді.

Рухани америкалықтардың өздерінің масқара жеңілісін жасыру үшін Иранның 4 кемесін тұтқындайтынын мәлімдегеніне тоқталып: «АҚШ-тың бұл уәждеріне қарамастан, кемелер мен олардың туы Ирандікі емес. Вашингтонның БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесіндегі жеңілісін жасыру үшін осындай өтірік айтылды»,-деді.

Рухани БАӘ мен сионистік режим қарым-қатынасының қалыптануын айыптай келіп: «БАӘ-нің қадамы – үлкен қателік және Палестина халқы мен Қасиетті Құдстың арманына қиянат»,-деді.