Иранның жеміс шырыны әлемнің 35 еліне экспортталады
Там 20, 2020 15:08 Asia/Almaty
Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі шамамен 48 мың тонна түрлі жеміс шырынының әлемнің 35 еліне экспортталғанын хабарлады.
Сейіт Рухолла Латифи сәрсенбі күні елдің жеміс шырыны мен концентратын дайындау өнеркәсібінің соңғы 4 айда 38 млн-нан аса долларға өнім экспорттағанын айтып: «Иранның осы саладағы экспорттық өнімдеріне түрлі жемістердің қоспасы, тағамдық шөптер қоспасы, жемістердің сығындысы, жеміс шырынының эссенциясы, алкогольсіз ашытқы, апельсин, грейпфрут, жүзім, алма мен ананастың суы жатады»,-деді.
Тегтер