Рухани: Иранның газ тасымалдау желісі әлемде теңдессіз
https://itolqyn.com/news/iran-i48042-Рухани_Иранның_газ_тасымалдау_желісі_әлемде_теңдессіз
ИИР Президенті елдің газ тасымалдау желісін әлемде теңдессіз деп атап: «17 мың ауыл ортақ газ жеткізу желісіне қосылған. Елдің 89 стансасының отыны газбен жұмыс істейді»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 25, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның газ тасымалдау желісі әлемде теңдессіз

ИИР Президенті елдің газ тасымалдау желісін әлемде теңдессіз деп атап: «17 мың ауыл ортақ газ жеткізу желісіне қосылған. Елдің 89 стансасының отыны газбен жұмыс істейді»,-деді.

Хасан Рухани дүйсенбі күні бейнеконференция форматында Мұнай министрінің ұлттық жобаларын іске қосу рәсімінде елдегі газ өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып: «Газ – таза энергия өндіретін ірі өнеркәсіп. Ол елдің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл инфрақұрылымдық өнеркәсіп одан да үлкен мұнай-химия саласына септігін тигізіп, Иранды көршілес елдерге қосты»,-деді.   

Рухани: «Иран газы батыста Түркия мен Иракқа экспортталады. Шығыс елдеріне экспорттауға да мүмкіндік пайда болды. Осы мақсатта Пәкістанның шекарасына дейін газ құбыры тартылды»,-деді.