Рухани: Санкциялар Иранның дамуы үшін себеп болды
(last modified Wed, 26 Aug 2020 09:55:39 GMT )
Там 26, 2020 15:55 Asia/Almaty
  • 
Рухани: Санкциялар Иранның дамуы үшін себеп болды

ИИР Президенті дұшпанның Иранға қарсы санкцияларын күшейтуі мақсатының қоғамда дағдарыс тудырып, жүйені құлдырату болғанын, алайда үкімет пен халық бірлігінің бұл мақсатты сәтсіздікке ұшыратқанын қуаттады.

Хасан Рухани сейсенбі күні «Үкімет аптасына» байланысты елдің БАҚ жетекшілерімен кездесуінде Иранның әлемдік деңгейдегі дипломатиялық құдыретіне тоқталып, АҚШ-тың БҰҰ-дағы Иранға қарсы әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауын Ислам республикасының саяси құдыретінің белгісі деп тапты. Рухани сондай-ақ Иранның қорғаныс әлеуетінің артуын қуаттап, өткен аптада тұсау кесер рәсімі өткен «Бавар-373» әуе-қорғаныс жүйесі мен қанатты зымыран тасымалдайтын сүңгуір кемесін ИИР-ның жергілікті білімді пайдалану арқылы қол жеткізген жетістіктерінің бірі атады. Иран Президенті экономика, білімге негізделген компаниялар мен сандық экономика салаларында үлкен жұмыс жасалғанына тоқталып: «Білімге негізделген компаниялар саны 55-тен 1200-ге артты»,- деді.