Салеһи: АҚХА тәуелсіз жұмыс жасауы керек
(last modified Wed, 26 Aug 2020 11:38:24 GMT )
Там 26, 2020 17:38 Asia/Almaty
  • Салеһи: АҚХА тәуелсіз жұмыс жасауы керек

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) тәуелсіз жұмыс жасау қажеттілігіне тоқталып, Иранның міндеттемелеріне енбеген талаптарды қабылдамайтынын қуаттады.

Әлиакбар Салеһи сейсенбі күні АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен Теһрандағы бірлескен баспасөз отырысында екі жақтың келіссөздерін сындарлы деп бағалап: «АҚХА өз жұмысын тәуелсіз алғал ілгертетін және Иран да өз міндеттемелеріне сай амал ететін болды»,- деді.

Рафаэль Гросси: «АҚХА жұмысына ешкім араласпайды, бірақ қысымдар жасалынады»,- деді. АҚХА Бас директоры Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасы туралы: «Бұл елдің ядролық бағдарламасы Агенттік инспекторларының бақылауына алынады»,- деп мәлімдеді.