Иран экспортының 47 пайызы көршілес елдердің еншісінде
(last modified Thu, 27 Aug 2020 14:26:30 GMT )
Там 27, 2020 20:26 Asia/Almaty
  • Иран экспортының 47 пайызы көршілес елдердің еншісінде

Иран Сыртқы істер министрінің экономика істері жөніндегі орынбасары: «Қазіргі таңда Иран экспортының 47 пайызы көршілес елдердің еншісінде. Экспорттық көлемді ұлғайту үшін шекаралық облыстардың мүмкіндіктерін көбірек пайдалану керек»,-деді.

Джабер Ансари бейсенбі күні Арбедиль облысының Билесавар Моған шекаралық бекетінде: «Ауыр қысымдар мен санкцияларға қарамастан, экспорт саласында оң өсім болды. АҚШ-тың Иранды тізе бүктіру саясаты жеңіліс тапты»,-деді.

Ансари: «Көршілес елдерге көңіл бөлу, олармен сауданы жеңілдетуге қажетті мүмкіндіктерді қалыптастырып, тиісті құжаттарды дайындау – Иран СІМ-нің экономика саласындағы бағдарламаларының бірі»,-деді.  

Иран Сыртқы істер министрінің экономика істері жөніндегі орынбасары Кавказ аймағындағы елдер нарығының ортақ  тіл мен тығыз қарым-қатынасқа байланысты Ардебиль облысының экспортына жақсы мүмкіндік болып табылатынын айтып: «Иран үкіметі мен парламенті экспортты қолдайды»,-деді.