Көптеген мемлекеттер Иранға инвестиция салуға ынта білдіруде
(last modified Mon, 08 Feb 2016 08:38:10 GMT )
Ақп 08, 2016 14:38 Asia/Almaty
  • Көптеген мемлекеттер Иранға инвестиция салуға ынта білдіруде

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы барлық елдердің Иранға инвестиция салуға ынта білдіріп жатқанын хабарлады.

ИРНА-ның мәліметінше, Иран Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Құм қаласында Ислам революциясының 37 жылдығына байланысты өткен шарада санкциялардың күші жойылғаннан кейін экономикалық даму үшін жағдайдың жақсарғанын қуаттап: «Көптеген мемлекеттер Иранға инвестиция салуға ынта білдіруде.

Иранның Ислам революциясы көптеген жетістіктерге ие болды. Халық революциядан кейін Ислам республикасының дамуына сындарлы көмек көрсетті. Иран халқы соғыс және әскери санкцияларға қарамастан қорғаныс тұрғысынан дербестікке қол жеткізді»,- деп қуаттады.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сондай-ақ аймақтың дағдарысты жағдайына сілтеме жасап: «Лаңкестік барлық мұсылмандарға, соның ішінде Иран үшін көптеген қиындық тудырды. Сондықтан революцияшыл рух пен жанкештіліктің әр салада байқалғаны жөн»,- деп қуаттады.