Қарулы күштердің бас қолбасшысының Иран мен аймақ қауіпсіздігіндегі теңдессіз рөлі қуатталды
(last modified Thu, 14 Apr 2016 15:11:08 GMT )
Сәу 14, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • Қарулы күштердің бас қолбасшысының Иран мен аймақ қауіпсіздігіндегі теңдессіз рөлі қуатталды

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Ислам республикасы қарулы күштері бас қолбасшысының Иран мен аймақ үшін қауіпсіздік сыйлайтын стратегия ұйымдастырудағы рөлін теңдессіз деп сипаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бейсенбі күні Иранның оңтүстік- шығысында «Ұлық пайғамбар» қауіпсіздік жаттығуының өткізілуінің үшінші күні Балуч ерікті күштері мен ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күшінің бірлік пен қауіпсіздік жиынында: «Ұлық пайғамбар» жаттығуын аймақта өткізудің үндеуі бірлік пен қауіпсіздік орнату болды. Бүгінде мазхабтар арасына іріткі салуға және ислам мен мұсылмандарға соққы беру үшін әсірешіл топтар құрылған. Ислам республикасы исламның дұшпандарына қарсы тұрады, өйткені әлем мұсылмандары үшін азаттық сыйлауды көздеген үлкен арманға ие» деді.

Лариджани Америка сияқты алпауыт елдердің ислам елдері арасындағы іріткіні өз мүддесі мен дамуы шеңберінде пайдаланатынын қуаттап: «Мұсылмандардың бірлігі ислам елдері үшін пайдалы, ал америкалықтар үшін жеңіліс болып табылады» деді.

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы қарулы күштер бас қолбасшысының Иран мен аймақта қауіпсіздік орнатудағы рөліне сілтеме жасап: «Хазірет аятолла Хаменеи – әлем мұсылмандары үшін қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғаушы» деді.