2020 жылғы Дүниежүзілік ағаш күні Иранда аймақтық деңгейде аталып өтуде
https://itolqyn.com/news/iran-i48192
Иранның батысындағы Керманшах облысында Дүниежүзілік ағаш күні аймақтық деңгейде аталып өтуде.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2020 20:30 Asia/Almaty

Иранның батысындағы Керманшах облысында Дүниежүзілік ағаш күні аймақтық деңгейде аталып өтуде.

Мерекелік шарада ирандық қолөнершілер төрт күн ішінде ағаш бетіне «Бистун» жазба тақтасын бүге-шігесіне дейін салып шығады деп жоспарлануда. Бұл рәсім ЮНЕСКО-ға қарасты халықаралық арналар арқылы әлеуметтік желілерде таратылуда. Аталмыш оқиға Керманшахтың туристік тартымдылықтары, соның ішінде Тақ-е Бустан мен Бистунды таныстыруға көмектеседі. Керманшах облысында 60-тан аса қолөнер түрі кең таралған.