Рухани: АҚШ Иранға қарсы мақсаттарына жетпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i48205
ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы залым санкциялар енгізу әрекетіне тоқталып, америкалықтардың өз мақсаттарына жетпейтіндерін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 09, 2020 15:31 Asia/Almaty

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы залым санкциялар енгізу әрекетіне тоқталып, америкалықтардың өз мақсаттарына жетпейтіндерін қуаттады.

 

 

Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында АҚШ-тың экономикалық қысым мен санкциялар арқылы Иран халқын бағындыра алады деп ойлағанына тоқталып: «Америкалықтар өз мақсаттарына жете алмады, сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі,  әлем деңгейінде және тіпті өз халқының алдындағы абыройынан айырылды»,- деді.  Рухани дұшпандардың Иран халқының мүдделеріне қарсы кең ауқымды үгіт-насихат жүргізу үшін жалған ақпарат арналарды іске  қосқандарын мәлімдеп: «Бұл ақпарат құралдар мен арналар кн сайын әртүрлі сылтаулармен алаңдаушылық тудырып, әртүрлі нарықтарды дүрілдетеді. Бірақ Иран халқының қырағылығымен олар әшкереленіп, қатаң жауабымен бетпе-бет келді»,- деп сөзін жалғады.