Қорғаныс министрі: Лаңкестік ағымдарға тосқауыл қою әлемдік талап-жігерді қажет етеді
Иранның Қорғаныс министрі лаңкестік ағымдарға тосқауыл қою ісінің әлемдік талап- жігерді қажет ететіндігін айтты.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан бейсенбі күні Иранның солтүстігі Анзалиде ИИР армиясының теңіз күшіне екі мың тонналық қайықты табыс ету рәсімінде бүгінде тіпті еуропалық елдердің де лаңкестік қоқан-лоққылардан аман еместігін қуаттай келе: «Лаңкестік ағымдарға тосқауыл қою әлемдік шынайы талап- жігерді қажет етеді. Исламдық Иран басқа елдердің көшбасында лаңкестік ағымдарға тосқауыл қою үшін барлық әскери және қорғаныстық күш-қуатын қолданады. Иран ислам республикасының ұлттық мақсаттарына көз алартушы кез келген ел батыл жауапқа тап болады.
АҚШ пен Израиль соғысқа айдап салумен және әсірешіл күштерді қолдану арқылы кең ауқымды бүлік шығарып, бейберекеттік тудырып отыр. Егер күні кешеге дейін үстемшіл үкіметтер тікелей жорыққа шығу арқылы өзі мен Израильдің мүддесін қамтамасыз етуге талпыныс жасайтын болса, бүгінде осы әрекетті өздерінің нөкері болып табылатын елдердің мойнына артып отыр» деді.