Иран, Сирия мен Тәжікстан су саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады
Иранның Энергетика министрі Сирияның Су ресурстары министрі және Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрімен видео форматта жеке сөйлесіп, су саласындағы бірлескен меморандумның баптарын іске асыруды қуаттады.
Иранның Энергетика министрі Ардаканиян және Сирияның Су ресурстары министрі Тамам Мұхаммад Раад жұма күні видео форматта сөйлесіп, екі елдің су саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады. Сондай-ақ Иранның Энергетика министрі Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрімен сөйлесіп, екі елдің мәдени-тарихи терең байланыс пен ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктердің болуына назар аудартып, барлық, әсіресе экономикалық-энергетикалық салалардағы қарым-қатынастардың артуына тоқталды.