Зариф: Халықаралық қауымдастық Израильді ядролық арсеналын жоюға мәжбүрлеуі керек
(last modified Sat, 03 Oct 2020 08:28:53 GMT )
Қаз 03, 2020 14:28 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні халықаралық қауымдастықтан Израильді ядролық қарудың таралуына тыйым салатын NPT хаттамасына қосылып, өзінің ядролық арсеналын жоюға мәжбүрлеуді талап етті.

 

Мұхаммад Джавад Зариф «Халықаралық ядролық қаруды жою» күні БҰҰ-да видео форматта өткен отырыста  АҚШ-ты атом бомбасын қолданған бірінші әрі жалғыз мемлекет ретінде сынап, бұл отырыстың адамзатты ядролық қару елесінен толық құтқаруға әлемді жұмылдыратын басқосу болатынына үміттенді. Зариф бұл қаруларды жою үшін NPT хаттамасын қайта қарастыруды сұраған көптеген отырыстарды еске салып: «Ядролық қаруға ие мемлекеттер міндеттемелерін нақты кесте бойынша орындаулары керек»,- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың сионистік режимді Батыс Азия аймағында ядролық арсеналға ие жалғыз режим ретінде шартсыз қолдауына тоқталып: «Заң бұзушы режим басқаларға ядролық қоқан-лоққы жасайды және басқа жақтан қару-жарақтың таралуын айыптайды»,- деді.  

Иран Сыртқы істер министрі бұл отырыста халықаралық қауымдастықтан негізі шапқыншы Израильді NPT хаттамасына қосылып, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауын қабылдатуға мәжбүрлеуді талап етті.