Велаяти: Армения мен Әзірбайжан қайшылығы әскери жолмен шешілмейді
(last modified Tue, 06 Oct 2020 10:06:39 GMT )
Қаз 06, 2020 16:06 Asia/Almaty
  • Велаяти: Армения мен Әзірбайжан қайшылығы әскери жолмен шешілмейді

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әзірбайжан мен Арменияның Қарабақ жөніндегі қайшылығына тоқталып, бұл мәселенің әскери жолмен шешілмейтінін қуаттады.

 

Велаяти Теһранда басылып шығатын «Keyhan» газетіне берген сұхбатында: «Иран кез келген тараптың әскери әрекетіне қарсы, өйткені Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғыстың ұтылушысы халық. ИИР Армения мен Әзірбайжан арасында арағайындық ету және екі жақтың арасында бейбітшілік орнататын көмекке дайын. Елдердің территориялық тұтастығын құрметтеу БҰҰ Жарғысының негіздерінің бірі және Иран БҰҰ мүшесі ретінде бұл негіздің сақталуын қуаттайды»,- деді. Велаяти: «Палестина жерінің басып алынуына қарсы болғандай, Әзірбайжан жерінің Армениямен жаулануына қарсымыз»,- деп, Түркияны соғыстың бір жағын қолдауды орнына оны тоқтатып, бейбітшілік орнатуға көмектесуге шақырды.