Бүгін – әлемге танымал ақын Хафизді ұлықтау күні
https://itolqyn.com/news/iran-i48584
Бүгін, жексенбі Иранның күнтізбесінде Хафиз Ширазиді ұлықтау күні деп аталған.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 11, 2020 15:11 Asia/Almaty
  • Бүгін – әлемге танымал ақын Хафизді ұлықтау күні

Бүгін, жексенбі Иранның күнтізбесінде Хафиз Ширазиді ұлықтау күні деп аталған.

Қожа Шамседдин Мұхаммед бен Бахаеддин Хафиз Ширази – 14 ғасырда өмір сүрген ұлы парсы ақыны әрі әлемге танымал сөз шеберлерінің бірі.

Мұхаммед бен Бахаеддин Құран Кәрімді жатқа білгендіктен «Хафиз» деп аталған. Өз өлеңдерінде осы терең тамырға меңзеп: «Сенің өлеңіңнен артық көрмедім, Хафиз/Кеудеңе ұялаған Құранмен ант етейін»,-деген.

Хафиз Ширазидің өлеңдер жинағы 500 ғазал және бірқатар рубаи, қыта мен қасидадан тұрады.

Хафиз Ширази өлеңдерінің қолжазба нұсқалары Иран, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан және Түркия кітапханаларында сақтаулы.