Иран Әзірбайжан мен Армения арасында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Әзірбайжан мен Армения арасында жарияланған атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді.
Хатибзаде дүйсенбі күні осы екі ел арасындағы атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына реакция білдіріп: «Иран қақтығысушы тараптарды көбірек ұстамдылық танытуға шақырып, қалалардың маңызды инфрақұрылымдары мен тұрғын аудандарына зымырандық шабуыл жасап, бейбіт адамдарды өлтіруді айыптап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты»,-деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран тараптарды тағы да атысты тоқтату бітіміне берік болып, халықаралық құқық аясында диалог өткізіп, бір-бірінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарап, басып алынған қалаларды босата бастауға шақырды»,-деді.