Иран Әзірбайжан мен Армения арасында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i48598-Иран_Әзірбайжан_мен_Армения_арасында_атысты_тоқтату_бітімінің_бұзылғанына_өкініш_білдірді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Әзірбайжан мен Армения арасында жарияланған атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 12, 2020 23:22 Asia/Almaty
  • Иран Әзірбайжан мен Армения арасында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Әзірбайжан мен Армения арасында жарияланған атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына өкініш білдірді.

Хатибзаде дүйсенбі күні осы екі ел арасындағы атысты тоқтату бітімінің бұзылғанына реакция білдіріп: «Иран қақтығысушы тараптарды көбірек ұстамдылық танытуға шақырып, қалалардың маңызды инфрақұрылымдары мен тұрғын аудандарына зымырандық шабуыл жасап, бейбіт адамдарды өлтіруді айыптап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты»,-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран тараптарды тағы да  атысты тоқтату бітіміне берік болып, халықаралық құқық аясында диалог өткізіп, бір-бірінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарап, басып алынған қалаларды босата бастауға шақырды»,-деді.