Раиси: Өткен аптада АҚШ үкіметін жын ұрды
https://itolqyn.com/news/iran-i48600-Раиси_Өткен_аптада_АҚШ_үкіметін_жын_ұрды
Иран Жоғары сотының басшысы АҚШ Президентінің әдепсіз сөзіне және Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салғанына реакциясында: «Өткен апта АҚШ үкіметін жын ұрған апта болды»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 13, 2020 00:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Өткен аптада АҚШ үкіметін жын ұрды

Иран Жоғары сотының басшысы АҚШ Президентінің әдепсіз сөзіне және Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салғанына реакциясында: «Өткен апта АҚШ үкіметін жын ұрған апта болды»,-деді.

Раиси: «Өткен аптада АҚШ Президентінің әдепсіз сөздер айтып, Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салуы америкалық билеушілерді жын ұрып, жөнсіз әрекетке барғанын көрсетеді»,-деді.  

Раиси АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларының жаңа тақырып емес екенін айтып: «Бұл шара психологиялық соғыс жүргізу мақсатында жасалып отыр. Бірақ ол ИИР-ның ұстанымын беріктете түседі»,-деді.