Раиси: Өткен аптада АҚШ үкіметін жын ұрды
Қаз 13, 2020 00:48 Asia/Almaty
Иран Жоғары сотының басшысы АҚШ Президентінің әдепсіз сөзіне және Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салғанына реакциясында: «Өткен апта АҚШ үкіметін жын ұрған апта болды»,-деді.
Раиси: «Өткен аптада АҚШ Президентінің әдепсіз сөздер айтып, Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салуы америкалық билеушілерді жын ұрып, жөнсіз әрекетке барғанын көрсетеді»,-деді.
Раиси АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларының жаңа тақырып емес екенін айтып: «Бұл шара психологиялық соғыс жүргізу мақсатында жасалып отыр. Бірақ ол ИИР-ның ұстанымын беріктете түседі»,-деді.
Тегтер