Ирандық футболист – Батыс Азиядағы ең үздік гол соғушы
Иранның «Персеполис» футбол командасы қорғаушысының БАӘ-нің «әш-Шардже» командасына соққан голы 2020 жылғы Азия чемпиондар лигасынының Батыс Азия аймағындағы ең үздік голы деп аталды.
Азия футбол конфедерациясының (AFC) ресми сайты: «Иранның «Персеполис» футбол командасының қорғаушысы Шоджа Халилзаденің 2020 жылғы Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы аптасында 4:0 есебін ашып, БАӘ-нің «әш-Шардже» командасына соққан голы басым дауыспен Батыс Азиядағы футбол чемпионатының осы кезеңінің ең үздік голы деп таңдалды»,-деп мәлімдеді.
«Персеполис» командасының қорғаушысы халықтық сауалнамада 48 пайыз дауыс жинап, осы атаққа ие болды.
2020 жылғы Азия чемпиондар лигасының Батыс Азия аймағындағы кездесулері «Персеполис» командасының финалға өтуімен аяқталды. Осы лиганың Шығыс Азия аймағындағы ойындары 18 қарашада басталады. Ақтық ойын 19 желтоқсанда өткізіледі.