Иран коронавирусқа шалдыққандарды клиникалық зерттеуге тарту бойынша бірінші орында
(last modified Mon, 19 Oct 2020 09:19:37 GMT )
Қаз 19, 2020 15:19 Asia/Almaty
  • Иран коронавирусқа шалдыққандарды клиникалық зерттеуге тарту бойынша бірінші орында

Иран COVID-19-дан емдеу үшін клиникалық сынақтар жүргізу саласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен әріптестік жасайтын 30 елдің ішінде «науқастарды тарту» бойынша бірінші орында.

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары: «Осы күнге дейін әлемнің 30 еліндегі 500 ауруханаға жатқызылған 11 мың науқас зерттеліп жатыр. Осы арада Иран 3500 науқас тіркеп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынақтар жүргізуіне «қатысуға келіскен науқас саны» тұрғысынан бірінші орынға ие болды»,-деді.

Малекзаде: «Франция мыңға жуық адам тіркеп, осы зерттеуде екінші орынға шықты»,-деді.  

Малекзаде Иранның «науқастарды тартуда» бірінші орынға ие болуын елде ауқымды зерттеу желілері мен мықты инфрақұрылымның болуына байланысты екенін айтты.