«Велаят аспаның қорғаушыларының әуе қорғанысы-99» бірлескен жаттығу басталды
(last modified Wed, 21 Oct 2020 13:07:17 GMT )
Қаз 21, 2020 19:07 Asia/Almaty

«Велаят аспаның қорғаушыларының әуе қорғанысы-99» деп атанған бірлескен жаттығу «Уа, Алла елшісі» деген ұранымен жергілікті зымырандық және радиолокациялық кешендерді, ақпаратты анықтайтын, электронды соғыс жүргізетін, сондай-ақ байланыс жүйелері мен визуалды бақылау желісін кеңейту және орналастырумен басталды.

 

Жаттығудың ақпарат өкілі: «Бұл жаттығудың мақсаты - кез-келген әуе қаупіне  қарсы тиімді әуе қорғанысын күшейту үшін Иран қарулы күштерінің әуе қорғаныс операцияларын үйлестіру, бағыттау және басқару. Бұл жаттығуда армия мен Сақшылар корпусы бөлімшелері пайдаланатын барлық анықтау, барлау, ұстап алу және қақтығыс жүйелері толығымен армия мен қорғаныс өнеркәсібіндегі ирандық мамандар және жастар жасалды»,- деді.