Хельга Шмидт Иранға сапармен келді
Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісінің орынбасары Хельга Шмидт Иран СІМ-нің қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасу мақсатында екі күндік сапармен Теһранға келді.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісінің орынбасары Хельга Шмидт бүгін, дүйсенбі күні таңертең Иран мен Еуропалық Одақтың жоғары деңгейдегі сұхбаттарының алғашқы кезеңіне қатысу үшін Теһранға келді.
Жарты жылда бір рет өтетін осы келісөздерді басқару міндеті Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа және Америка ісі бойынша орынбасары Тахтраванчи мен Шмидттің мойнына жүктелген.
Тараптар кездесуде саяси, экономикалық, мәдени түрлі тақырыптар мен аймақтық және халықаралық мәселелерді талқыға салып, кеңесетін болады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф та таяу болашақта Брюссельге сапар шегіп, Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринимен кездесіп, кеңеседі.
Сонымен қатар Могерини де келесі жылы көктемде бір жұмыс тобын бастап, Теһранға сапармен келеді деп күтілуде.