Қарабақ соғысы Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынан
(last modified Wed, 04 Nov 2020 16:42:55 GMT )
Қар 04, 2020 22:42 Asia/Almaty
  • Қарабақ соғысы Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынан

Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстардың жалғасуы аймақ деңгейінде алаңдаушылық туғызды.

 

Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) және имам Садықтың (ғ.с.) туған күні сөйлеген сөзінде Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғысты ащы және аймақ қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудырушы оқиға деп тауып: «Бұл әскери қақтығыста жылдам тоқтатылуы керек. Армениямен басып алынған Әзірбайжанның бүкіл жерлері азат етіліп, Әзірбайжанға қайтарылуы керек»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі бұл жерлердегі армяндардың қауіпсіздігінің қорғалуы мен екі тараптың халықаралық шекараларды бұзбауын қуаттап: «Сенімді мәліметтер бойынша аймаққа енген террористер ешбір жағдайда Иранның шекарасына жақындамаулары керек. Егер олар жақындаса, қатаң жауаппен бетпе-бет келеді»,- деп қосты.

Ислам революциясы жетекшісінің Қарабақ соғысы туралы сөзі ИИР-ның бұл қақтығыстың көне жараға айналып, егер оны шешетін шара ойластырылмаса, одан сайын күшейетіні  туралы қисынды ұстанымын білдіреді. Бұл мәселенің екі маңызды жәйтін ескеру қажет. Біріншіден, бұл қақтығыстар күшейген сайын аймақ қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын қоқан-лоққыға айналуы мүмкін. Екіншіден,  бұл жанжал аумақтық тұтастықты сақтау және тараптардың құқықтарын құрметтеу арқылы шешілуі керек.

Қарабақ аймағындағы әскери қақтығыстар басталсымен ИИР бұл мәселені шешу талпынысын бастады. бұл талпыныстарының жалғасында Иранның арнайы өкілі Сейед Аббас Арақчи Қарабақ мәселесін шешу үшін Баку мен Ереванға және жалғасында Ресей мен Түркияға сапар шегіп, Иранның Қарабақта бейбітшілік орнату жобасын ұсынды. ИИР Президентінің арнайы өкілі Әзірбайжан жерлерінің басып алынуын тоқтату Иран жобасының маңызды бөлімі екеніне тоқталып: «Аз санды топтар құқылары мен гуманитарлық негіздерді қорғау Иранның Қарабақ соғысын тоқтатуға қатысты жобасының келесі бөлімі. Сондай-ақ Иран жобасының келесі ерекшелігі мәселені шешуге аймақтың әсер ететін елдерінің қатысуы болып табылады»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Қарабақ соғысының аймақтың қауіпсіздігіне тигізетін әсері мен салдары туралы сөзі осы тұрғыдан өте маңызды. Әзірбайжандағы Иранның елшісі Сейед Аббас Мусави өз твитінде: «Иран Ислам революциясы жетекшісінің Қарабақтағы дағдарыс туралы сөзінен кейін Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов телефон арқылы Әзірбайжан үкіметі мен халқының алғысын айтып, екі шекаралас елдің достық пен бауырластығын қуаттады»,- деп жазды.